Требования и обязанности:
Логопедтің негізгі міндеттері: 1. Оқушылардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды анықтау, диагностикалық тексеру жүргізу. 2. Сөйлеу бұзылыстары бар оқушылардың тізімін жасап, түзету жұмыстарының жоспарын құру. 3. Жеке және топтық түрде сөйлеу терапиялық сабақтар өткізу. 4. Тіл кемшіліктерін жоюға бағытталған артикуляциялық, тыныс алу, фонематикалық жаттығулар жасау. 5. Оқушылардың оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға көмектесу. 6. Мұғалімдермен және ата-аналармен бірлесе отырып, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету. 7. Сөйлеу бұзылыстарының алдын алу бойынша түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізу. 8. Логопедиялық жұмыстардың нәтижелерін есепке алу және талдау. 9. Жеке даму бағдарламаларын (Индивидуальный учебный план) құрастыру (қажет болған жағдайда). 10. Жұмыс құжаттамаларын (журнал, жоспар, карта) дұрыс және уақытында жүргізу.