Требования и обязанности:
Біз 707 MIX гипермаркеті кеңсе тауарларын (дәптерлер, блокноттар, планерлер, пеналдар, қаптамалар т.б.) өндірумен және сатумен айналысамыз. Өнімдерімізге заманауи, сәнді әрі өтімді дизайн мен коллекциялар жасайтын шығармашылық Графикалық дизайнер іздейміз. Міндеттері: Кеңсе тауарларының жаңа коллекцияларының концепциясы мен дизайнын жасау (дәптерлер, блокноттар, күнделіктер, планерлер, стикерлер және т.б. мұқабалары). Өнімдерге басып шығаруға арналған иллюстрациялар, паттерндер мен принттер дайындау. Макеттерді баспаға дайындау (баспа алды дайындық / препресс) — баспахана талаптарын ескере отырып (CMYK, ойықтар, тиснение, УФ-лак және т.б.). Қаптамалар, этикеткалар мен фирмалық биркалар дизайнын жасау. Тауарлар каталогы мен презентациялық материалдарды әзірлеу. Кеңсе тауарлары, иллюстрация және полиграфия саласындағы заманауи трендтерді бақылап отыру. Талаптар: Графикалық дизайнер / иллюстратор лауазымында жұмыс тәжірибесі (полиграфия, канцелярия немесе қаптама дизайнындағы тәжірибе артықшылық болады). Портфолио болуы міндетті (иллюстрациялар, полиграфия макеттері, принттер немесе паттерндер). Графикалық бағдарламаларды сенімді меңгеру: Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, CorelDRAW / InDesign. Полиграфия процестерін және баспа алды дайындық (PrePress) талаптарын түсіну. С стильді сезіну, заманауи трендтерді білу, түспен және типографикамен жұмыс істей алу. Ұқыптылық, дедлайндарды сақтау және макеттердегі дәлдік.
Навыки:
- Знание основ типографики
- Работа в Adobe Illustrator
- Работа в Adobe Photoshop
- Работа в Figma
- Создание макетов для полиграфии
- Подготовка макетов к печати